Жиі қойылатын сұрақтар
Лимиттер және шектеулер
Банк банкоматында төлем картасынан қолма-қол ақша алуға шектеулер бар ма?
Карталар бойынша қолма-қол ақша алуға лимит айына 2 000 000 теңгеге дейін. Шектеу Jjýsan мобильді қосымшасында немесе төлем картасын ұстаушының өтініші бойынша Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) өзгертілуі мүмкін.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Jýsan Банктің төлем картасынан қолма-қол ақшасыз төлеу, оның ішінде интернет-сатып алу сомасы бойынша шектеулер (лимиттер) бар ма?

Банктің барлық төлем карталары бойынша қолма-қол ақшасыз сатып алу лимиті-айына 2 000 000 теңге. Барлық төлем карталары бойынша интернет-сатып алу лимиті: ҚР-да-айына 500 000 теңге, шетелде-айына 1 000 000 теңге. Шектеуді карта ұстаушы Jýsan мобильді қосымшасында немесе төлем картасын ұстаушы Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) жүгінген кезде дербес өзгертуі мүмкін.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Картадан байланыссыз төлем жасау кезінде (ДСН енгізусіз) төлемнің ең жоғары сомасы бойынша шектеулер бар ма?
Халықаралық төлем жүйелерінің ережелері мен ҚР Заңнамасы бойынша ДСН енгізусіз картадан байланыссыз төлем жасау кезіндегі төлемнің ең жоғары сомасы - бір операция үшін 5 000 теңге.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Аударымдарда қандай шектеулер бар?
Банктің төлем картасынан Банктің/ басқа Банктің кез келген басқа төлем картасына аударым операциялары кезіндегі шектеу тәулігіне 800 000 теңгені құрайды. Шектеу төлем картасын ұстаушының өтініші бойынша Банктің Call-center-де 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) өзгертілуі мүмкін.
Валюталық аударымдар кезінде (өз шоттары арасында) мобильді қосымшада мынадай лимиттер қолданылады: < br /> - демалыс/мереке күндері: тәулігіне 1 000 000 теңгеге дейін
- жұмыс күндері (10:00-ден 17:00-ге дейін): тәулігіне 15 000 000 теңгеге дейін
Бұдан басқа, халықаралық төлем жүйелері белгілеген, өзгертуге жатпайтын картадан картаға аудару операцияларында жалпы лимиттер бар: < br / > 1 операция үшін аударым сомасына лимит: аударым сәтінде төлем карталары үшін белгіленген Банктің бағамы бойынша теңгемен немесе еуромен 2 500 АҚШ доллары/баламасы; < br /> Тәулігіне аударым операцияларының санына лимит: 5 операция; < br / > Тәулігіне аударым операциялары сомасына лимит: 5 000 АҚШ доллары/аударым сәтінде төлем карталары үшін белгіленген Банктің бағамы бойынша теңгемен немесе еуромен баламасы; < br / > Бір айдағы аударым операцияларының санына лимит: 20 операция; < br /> Айына аударым операциялары сомасына лимит: аударым сәтінде төлем карталары үшін белгіленген Банктің бағамы бойынша теңгемен немесе еуромен 20 000 АҚШ доллары/баламасы; < br / > Төрт күндік кезеңдегі аударым операцияларының санына лимит: 20 операция; < br /> Төрт күндік кезеңдегі аударым операциялары сомасына лимит: 9 000 АҚШ доллары/аударым сәтіндегі төлем карталары үшін белгіленген Банктің бағамы бойынша теңгемен немесе еуромен баламасы.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Неліктен карта операцияларына шектеулер (лимиттер) қажет?

Лимиттер ықтимал алаяқтық жағдайында шығындарды азайту үшін сіздің төлемдеріңіздің/аударымдарыңыздың қауіпсіздігі үшін қажет.
 

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Шетелге шыққан кезде шектеулерді (лимиттерді) алып тастау керек пе?
ҚР-дан тыс жерлерге шықпас бұрын Jýsan мобильді қосымшасында қажетті елге лимитті алып тастау немесе Банктің Call-center-іне 7711 нөмірі бойынша хабарласу қажет (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу). Егер елдер тізімінде Сіз дұрыс елді таппаған болсаңыз, онда бұл елге шектеулер қойылмаған.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Мобильді оператордың қызметтеріне ақы төлеу кезінде қандай шектеулер бар?
Мобильді оператордың қызметтеріне ақы төлеу кезінде мобильді қосымшада айына 30 000 теңге, басқа платформалардағы қызметтерге ақы төлеу кезінде күніне 20 000 теңге лимит белгіленген.Шектеу төлем картасын ұстаушының өтініші бойынша Банктің Call-center-інде 7711 нөмірі бойынша (ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу) өзгертілуі мүмкін.
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
3D Secure дегеніміз не? Және ол не үшін қажет?
3D Secure - бұл интернеттегі төлем карталары бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Егер интернет-дүкен 3D Secure технологиясын қолдайтын болса, онда сіз SMS - ақпараттандыру қызметін қосып, осы интернет-дүкенде төлем жасай аласыз. 3D Secure қызметі карта иесінің түпнұсқалығын анықтау және карта алаяқтық қаупін азайту үшін қажет
Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Код сөз не үшін керек?

Код сөзі алаяқтықтың алдын алу және клиенттердің жеке деректерін жария ету үшін Банктің Call-орталығына жүгінген кезде карта ұстаушысын анықтау үшін қажет.

Кері байланыс үшін рахмет
Жауабы пайдалы болды
Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады